Биыл - Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, еңбеккерлерді қолдау артты. Мәселен, елімізде жұмысшы мамандық иелеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы пайда болды. Ал оған құжат қабылдау бір аптадан кейін басталады. Кімдер қатыса алады? Қалай өтінім беру қажет, әріптесім түсіндіріп берсін.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
17 наурызда жұмысшы мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Оған қатысу үшін банк филиалына барып, жұмыс орнынан анықтама ұсыну қажет, үлгісі otbasybank.kz сайтында жарияланады. Бұл бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары қызметкерлеріне арналған. Ескеретін жәйт, ол мекемедегі офис қызметкерлері, яғни PR-менеджерлер, бухгалтерлер қатыса алмайды.
ЕРКІН АХЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазақстан бой»ынша 72 млрд теңге бөлінген. Шамамен 2400-ден астам Қазақстан азаматын тұрғын үймен қамтамасыз етеміз деп отырмыз. Бұл жерде Наурыз бағдарламасынан аса ерекшелік жоқ, бастапқы жарна 10-20 пайыз, несие мөлшері 7-9 пайыз болады. Айырмашылығы, бұл жерде жұмыскерлерге беріледі».
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Қатысу шартына тоқталсақ, үміткердің «Отбасы банкінде» депозиті болуы керек, егер жоқ болса шот ашу қажет, оған 2 млн теңгеге дейін қаржы салу да маңызды. Кейінгі 5 жыл ішінде өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің атында тұрғын үй болмау қажет. Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау керек. Несие шарты бойынша, Астана және Алматыда 36 млн теңге, Шымкент пен облыс орталықтарында 30 млн теңгеге дейін қаржы 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
ЕРКІН АХЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 2703: 03,22-03,49
«Ең бастапқы талап, үйді бірінші нарықтан алады, тек қана құрылыс компанияларынан. Ол компаниялармен біз «Отбасы банк» сайтындаүйлердідайындап қойғанбыз. Шымкент қаласы бойынша мыңнан астам пәтер сайтта дайын тұр. Наурызбағдарламасы өткесін сәуір айында сайттан таңдайалады».
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 2702: 02,19-02,27; 02,42-00,59
2025 жылға 3592 пәтер 57 көпқабатты тұрғын үй беру жоспарланды. Биыл мемлекеттік бағдарламалармен берілетін пәтерлердің көпшілігі Шымкенттегі Асар мөлтек ауданында, Тұран мөлтек ауданында орналасқан 57 көпқабатты тұрғын үй.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Бағдарлама арқылы ауылдық аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар. Айта кетейік. бүгінде Шымкентте тұрғын үй алу үшін 52 519 азамат тіркелген.