«Армандар орындалады» жобасы жалғасып жатыр. Түркістан облысында 600-ден аса бүлдіршіннің тілегін орындаған бұл бастама арқылы осы жолы ерекше күтімді қажет ететін 14 баланың қалауын жүзеге асыру жоспарланған.
Бұл жолғы акцияға Созақ, Ордабасы, Сауран аудандарынан және Түркістанның өзінен балалар қатысып жатыр. Көбіне әлеуметтік жағдайы төмен, ерекше күтімді қажет ететін және ауыр дертпен күресіп жүрген балалардың тілегін жинап, оны жүзеге асыруға демеушілер тартады.
Қазақстан Журналистер Одағы мүшелері бұл бастамаға белсенді атсалысып, бүлдіршіндерге ойыншықтар, кітаптар, спорттық жабдық пен ерекше арманын лрындауға арналған сыйлықтар тарту етті. Олардың айтуынша, бұл акция тек балаларға емес, қайырымдылық шарасына қатысқандарға да шабыт сыйлайды.
Қайырымды қоғам барда «Армандар орындалады» жобасы жалғаса береді. Ұйымдастырушылар көмекке мұқтаж балаларды қолдауды жалғастырып, кез-келген жанды игі бастамаға үлес қосуға шақырды.
Әр баланың арманы маңызды. Кейде кішкентай сыйлық немесе жылы лебіз олардың өмірін түбегейлі өзгертуі мүмкін.