Қазақстанда 5 баллдық жер сілкінісі жұртты шошытты. Дүмпудің эпицентрі Алматы қаласынан 323 шақырым оңтүстік-батыс бағытта, ел аумағында орналасқан. Ал Жамбыл облысының Тараз және Шу қалаларында дүмпу күші 2 балл болды.
Меркі ауылында – 5 балл, Кұланда – 4 балға жеткен. Алматы қаласының сейсмологтары мегаполисте жер сілкінісі сезілмегенін растады. Қырғызстанның сейсмология сайттарының деректеріне сүйенсек, Бішкек қаласында жер сілкінісінің магнитудасы 5,5-ті болған. Дүмпулер бірнеше секундқа созылып, көпқабатты үйлерде қабырғалар сөгіліп, жиһаздар шамалы қозғалған.