Түркістан қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында Республикалық турнирдің жалауы көтерілді. Спорттық шараның салтанатты рәсімін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып берді. Рухани шаһарда басталған бәсекеге ел хоккейшілерімен қатар, көршілес мемлекеттен 10 команда 136 спортшы қатысып жатыр.
«Мұз Сарайында» өтіп жатқан жарысқа республикалық додаларда топ жарып жүрген шайбашылар жиылыпты. Алайда, бұл жолғы турнирдің форматы бөлек. Спортшылар өзара жарысқа түскенімен, жүлделі орындар тағайындалмайды. Кәсіби шеберліктерін арттырып, өзара тәжірибемен бөліспек.
МАҒЖАН ҚАЛАН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
жарыстың мақсаты демалыс кездерін тиімді өткізу және жарыс бәсекелерін өткізу еді. Аяқалыстары жақсы, ашылғанымызға 1 жыл толса да балалар жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр.
Бес күнге созылатын додаға Алматы қаласынан Strizhi-2, Tengri, Alma-Ata, Dinamo, Dinamo-2 командалары ат басын тіресе, Ташкент қаласынан Humo, Петропавлдың Qulager, Шымкент қаласының Tornado, сондай-ақ Бішкек қаласының Alga, Өскеменнің Torpedo, Түркістан облысының Sarymaq сынды құрамалары бар.
ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз өз үлесімізді қосу үшін арнайы команда құрып, спортшылардың команда құруына, өзара тәжірибе құруына бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасап жатырмыз. Балаларымыздың жарысына сәттілік тілеп, осы қарқыннан таймай мықты күшті болуына тілектеспіз
Әкім орынбасары облыста спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндіктің көптігін тілге тиек етті. Қазіргі таңда Мұз айдынында қысқы спорт түрімен айналысып жүргендер қарасы 400-ге жуықтап қалды.