Шымкентте жер дауы мен тұрғын үйге қатысты мәселе тыйылмай тұр. Бұл туралы қалалық соттың алқа отырысында айтылды. Былтыр 248 талап-арыз әкімшілік сотқа жолданып, оның 56%-на шешім шығарылған. Биыл да баспана кезегінен себепсіз шығару, мемлекеттік орган тарапынан тиісті хабарламаның уақытылы жолданбауы жиілеген.
 Жиында атқарушы орган өкілдері мен салаға жауаптылар сот жүйесінде кездесетін мәселелерді талқылады. Заңнама талаптарының сақталуы мен дау туғызатын жағдайларды болдырмау жолдары ұсынылды.
 Қалалық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Луара Қалдиеваның айтуынша, жер және мүлік дауларына қатысты әкімшілік істерді қарау барысында ӘРПК-нің талаптары мен қағидаттары қатаң сақталуы қажет дейді. Бұл ретте, мейлінше татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы шешу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынып отыр.
 ЛУАРА ҚАЛДИЕВА, ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
Мұндай отырыстар бұған дейін де өткізілген. Бүгінгі өткізген дөңгелек үстелдің басты мәселесі сот тәжірибесін іс жүзінде қолдану қажет. Әкімшілік соттың құрылғанына 4 жыл болды. Осы уақыт аралығында сот тәжірибесі қалыптасқан. Сондықтан бұл жергілікті атқарушы органдар сотқа қатысады. Оларға сот қаулылары жолданады. Сондықтан мәселесі шешілгендер сотқа қайта жүгінбеуі тиіс.
 Дөңгелек үстел басына жиналғандар талқыланған мәселелердің өзекті екенін айта келе, мұндай кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қалап отыр. Өйткені, жер және тұрғын үй қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет барысына оң ықпалын тигізеріне сенімді.