2024 жылы қала бюджеті 43,6 миллиард теңгеге артқан. Бұл туралы шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков айтты. Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясын мегаполистің 2025-2027-ші жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Қаржыға жауапты басқарма миллиардтарды қалай үлестірмек? Нұрлан Пайзовтың сюжетінде толығырақ.
Қалалық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясының күн тәртібінде 11 мәселе қаралып мақұлданды. Алдымен қала бюджеті нақтыланды. Мегаполистің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетінің көлемі ұлғайды. Биыл қаражаттың басым бөлігі маңызды салаларға бөлінеді. Мәселен жол саласына 38,3 миллиард теңге жұмсалса, тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында бюджеттің 29 миллиарды тұрғын үй саласына бағытталып отыр.
Бюджетті нақтылау барысында мегаполис қаржысы 806 миллиард теңгеден 850 миллиард теңгеге артады. Депутаттар бюджетке ұсынылған толықтыруларды бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.
Жиында қалалық әкімдіктің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі тыңдалды.
Сессияа денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды. Басқарма басшысы мегаполисте өлім жітім көрсеткіші 3,8 пайызға, қатерлі ісіктердің 7,4 пайызға азайғанын сөз етті. Керісінше туберкулез ауруымен қан айналымы жүйесінің ауруларында статистика өскен.
Сондай-ақ кезекті сессияда қалалық мәслихаттың бірқатар шешіміне өзгеріс енгізіліп, кейбірі күшін жойды. Мәслихаттың отырысында Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі тағайындалды. Өз кезегінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің экономикалық даму бағыты оң нәтиже беріп отырғанын айтты.
Айта кетейік кезекті сассия мамыр айының екінші жартысында өтетін болып шешілді.