Шымкентте тұрғындар жеке кәсіпкермен соттасып жатыр. Арызданушы тарап көпқабатты үйлеріне жапсарлана салынған жатақхананың құрылысын заңсыз,-деп даурығып отыр. Студенттер үйі мен көпқабатты үйдің арасындағы 15 метрлік қашықтық сақталмаған. Соның салдарынан пәтерлерге күн сәулесі түспей, экологиялық кері әсерін тигізіп жатқан көрінеді.
 Бұл дау 2016 жылы нысанның құрылысымен қатар басталған. Бастапқыда SANRISE серіктестігі өзінің жеке территориясын автотұрақ мақсатында пайдаланбақ болған. 2023 жылы тұрғындармен кеңеспей, көпқабатты жатақхананың құрылысын бастап кеткен. Мәселені айтып тұрғындар Астанаға да арызданған. Құрысыл комитетінен нысан заңсыз деген хат алған.
Мәселемен қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасындағылар таныс. Құрылыс комитетінің шешімін көре тұра нысан салуға рұқсат берген. Құжатты үш қабатты болуы тиіс делінгенімен, заңның бұл талабы да сақталмаған.
 Шу шыққан мәселеге қалалақ орта сапасы және бақылау басқармасы тексеріс жүргізген. Құрылыстың заңсыз салынғанын растап отыр.
 Айтып өтейік, бұл жатақхана 2024 жылдың қыркүйегінде жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынған. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Педагогикалық Университеттің 500-дей студенті тұрады. Даулы мәселеге байланысты бұған дейін сот отырысы өтіп, кәсіпкер жеңімпаз деп танылған. Іс тұрғындардың шағымымен қайта оппелациялық сотқа жолдаған.