Интернет алаяқтар жас талғамайды. Желі арқылы жымысқы ісін жүзеге асырып, талай жанға сан соқтыруда. Құзырлы орган қызметкерлері қылмыстың алдын алу үшін түсініктеме жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы сала қызметкерлері Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жастармен жүздесті.

 Технология  дамыған сайын интернеттегі алаяқтық қылмысы  өршіп тұр . Өткен жылы   қалада 923 алаяқтық ісі  тіркелген.  Оның 270- і  ғана ашылған. 718 іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Алаяқтық қылмысының түрі көп.  

АЛИШЕР АЙСАЕВ, ҚПД КҚІБ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ
 Инвестицияға ақша салып, сондай алданып жатыр.Соны біз айтарымыз инвестиция бойынша егер қарасаңыз ешқандай банктер 100%   50% ақша көбейтіп береміз деп айтпайды, себебі банктің есеп өлшеуі ол 12-14% аспайды. Сол себепті халыққа осындай түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қылмысын желімен жүзеге асыратындар  ресми ұйымдардың атын жамылып, адам сеніміне тез кіреді. Жалған қосымшалар арқылы да  қулығын жүзеге асырады. Құрбандардың ішінде жастар да жетерлік. Сондықтан мұндай кездесулердің маңызы зор.  

АРУЖАН ӘЛЖАН,  ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
  Барлық құзыретті органдар бірлесе жұмыс атқарған күндеде барлығын бірдей ауқымдықамтып кету мүмкін емес.Дегенмен де, әлеуметтік желі қарқындыдамып тұрған заманда біздің олардан тілейтініміз жастар алып күш екендігін мойындап,олар тарату арқылы, басқа жұрттарды, жақындарын,туысқандарын ескерту арқылы алаяқтықьан да қазіргі немесе жаман қылықтардан да сақтай алады деп ойлаймыз

 Кездесуде студенттер құқықтық мәселелер бойынша көкейіндегі сұрақтарын қойып, сала маманынан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары мен жастардың азаматтық жауапкершілігі туралы пікір алмасты.