Шымкентте жол сапасына қатысты наразылық толастар емес. Құрылысы ұзаққа созылған Құрсай елді мекеніне апарар жолдың жыры тұрғындарды мезі еткен. Бадам көпірінің үстімен Республика даңғылына шығар жолдағы жұмыс 2 жылдан бері бітер емес. Көшенің арғы басынан бергі басына жету ұзақтығы сағатқа созылып, азаматтарды әбігерге салып отыр.
Бұл жер Шымкент арқылы Ташкент пен Түркістанды жалғайтын күре жол. Күніне мыңдаған көлік қатынайтын дәлізден қазір жаяу жүрудің өзі мұңға айналған.
2 жылдан бері халықты әбігер еткен жол автобус жүргізушілерінің жұмысына де кері әсерін тигізіп отыр. Белгіленген уақыттан кешігіп, діттеген жерге мерзімінде жете алмаймыз,-деп уәж айтты.
Ұзындығы 6,6 шақырымды құрайтын жолмен біз де жүріп көрдік. Осы аралықты жүріп өтуге 1 сағаттай уақыт кетеді екен. Бұл әсіресе ұзақ жол жүретін жүк көліктері үшін тіптен қиын.
Төрт жолақты жолды реконструкциялау жұмыстары 2023 жылы басталған. Мамандар жолды кеңейту жұмыстары 2026 жылы бітеді,-деп отыр.
ӨМІР ҚАЛЫБАЕВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Иә, әрине, ол жолмен көліктер көп қозғалады. Негізгі транзиттік ауыр жүк көліктері қозғалады. Ол жердің бір беткейі Қазығұрт, Құрсай шағын аудандары орналасқан. Сондықтан қосымша айналма жол қарастырылмаған. Сол үшін де халыққа түсіністік танытуларын сұраймыз.
Халық түсіністік танытудан кенде емеспіз,-деп отыр. Тек жол жөндеу жұмыстарын жолдың екі беткейінде кезекпен жүргізсе,-деген өтініштерін жеткізді.