Дәл бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімнің құрылғанына 12 жыл! Айтулы датаны сала майталмандары мен жас сарбаздар салтанатты түрде атап өтті. Іс-шараға қатысып біздің арнаның түсірілім тобы да қатысып қайтқан болатын, сюжетті бірге көрейік.
6698 - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 285 қаулысымен 2013 жылы наурыздың 28 күні құрылған. Сол кезде 60 жылдық тарихы бар Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің атқыштар батальоны базасында ашылған еді.
НҰРЛАН САКИБЕКОВ, 6698 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІ, ПОДПОЛКОВНИК
Біздің әскери бөліміміз түзету мекемелерін қорғайды, Шымкент және Түркістан облысы бойынша. Осы аралықта біздің әскери бөлімнен 1000-ға жуық сарбаз қызметтерін адал атқарып отбасыларына аман-есен жеткіздік.Осы күнге орай бүгін 6698 әскери бөлімінің 12 жылдығымен жеке құрамды құттықтаймын.
Салтанатты шарада ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен ардагерлер марапатталды. Оның қатарында борышын өтеуші Ғалымжан Баратов та бар. Әскерге келгеніне енді ғана үш ай болған. Аз уақыт ішінде үздік тәртібімен көзге түсіп, 10 күндік қысқа мерзімді демалыс алып отыр.
ҒАЛЫМЖАН БАРАТОВ, САРБАЗ
Марапат алатынымды өзім білмедім.Қобалжып тұрмын. Марапатты сол
сақшы қызметін жақсы білгенім үшін, өз міндетімізді жақсы білгеніміз
үшін алдық. Он күндік тәуліктік қысқа мерзімді демалысқа
шыққан соң ата-анаммен уақыт өткіземін. Сағыныш бар.Марапат алатынымды өзім білмедім.Қобалжып тұрмын. Марапатты сол сақшы қызметін жақсы білгенім үшін, өз міндетімізді жақсы білгеніміз үшін алдық. 00:33-00:43 Он күндік тәуліктік қысқа мерзімді демалысқа шыққан соң ата-анаммен уақыт өткіземін. Сағыныш бар.
Бүгінде әскери бөлім аймақтағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қадағалауда үлкен күшке айналған. Айта кетейік, 6698 әскери бөліміне жүктелген басты міндет – Түркістан облысына қарасты қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерін күзету және сотталған азаматтарды айдауылдау.