Колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болған 79 адам құрықталған.  Сотталғандардың туыстары мен таныстары тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелерге жеткізуге тырысып, заңды белден басуға әрекеттенген.

Бұл жыл басталған үш ай үйінде тіркелген жәйт. Атап айтқанда сотталғандарға 136 ұялы телефон, 7,5 келі есірткі, 40 литр алкоголь, 400 мың теңгеге жуық ақша тасымалдамақ болған. Бірақ тексеру қызметі дер кезінде шара көріп, заңсыз әрекеттің жолын кескен. Нәтижесінде тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген 79 адам ұсталып, 31-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 11 азаматқа қатысты есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалған.