Түркістандық полицейлер құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіріп келген фитозертхана барын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Келес ауданының тұрғынын ұстаған.
Жедел уәкілдер оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жатын бөлмесінде фитолампамен және алты гүл құмырасымен жабдықталған фитозертхана барын анықтаған. Күдіктіден 4 түп құрамында есірткі бар өсімдіктер мен қарасораға ұқсас тұқымдары бар сіріңке қорабын тәркілеген.