Кеше қала мешіттерінде жамағат қадір түнін қарсы алды. Құран-Кәрім түсірілген деп саналатын бұл кеште ислам сенімі бойынша жер бетіне періштелер келеді. Дін қызметкерінің сөзінше, бұл түні Отыз күн ораза тұтып, шын ниеттенген мұсылманның күнә-қатесі кешіріліп, өмірі жаңа парақтан басталады. Өйткені, бұл түн өзге кештерден абзалырақ дейтін сенім бар.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Шаһардағы мешіттер бүгін лық толы. Келушілер күндегіден көп. Өйткені, иісі мұсылман бүгін құдай үйіне бет түзеп, осында қадір түнін қары алады. Жаратқанша бас иіп, дұға-тілек қылады. Себебі, Ислам дініне иланғандар 1000 айдан да қадірлі саналатын бұл түні жасалған құлшылық - 83 жылдық ғибадатқа тең деп сенеді.

 Жасы жетпісті еңсерген Нұрғали Айдарханов – 20 жылдан бері ораза ұстап, қадір түнін құдай үйінде қарсы алады. Бес парызын берік ұстанып, ораза-намазды қаза етпейді. Сөзінше, бұл кеш кешірім сәті. Періштелер жерге түсіп, адамзатпен қауышатын түн.

 НҰРҒАЛИ АЙДАРХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Жәбірейіл бастаған періштелер жерге түсіп, дұға-тілек жасап, бүкіл жерді аралап жүр. Үйлерге барады, кім, не істеп жатыр екен? Кешірімді көп тілей керек бұл түні.

 80 жастағы Сардарбек Байкей де осы пікірде. 30 жылға жуық намаз оқып, тәңірге зікір-салауат айтатын ақсақал: мұсылманның құлшылығы кез-кезген спорт түрімен тең, - дейді.

 САРДАРБЕК БАЙКЕЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Қытайда емдік гимнастика бар. У-шу деген. Содан мың есе артық дейді намаз. Өйткені, мына тарауих намазын 1,5-2 сағат оқып жатырмыз.»

Қадір түні иісі мұсылман сап түзеп, бір қатарда намаз оқиды. Дін қызметкері хатым құран түсіріп, жаратқанға құлшылық жасайды. Шымкенттің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов: «қадір түнінің қадірі биік, сауабы мол» дейді.

 БАҚДАУЛЕТ АБДУРАХМАНОВ, БАС ИМАМ

 – «Бір сондай бір түн бар. Адам баласы сол күні құлшылық жасаса 83 жыл 4 ай құлшылық жасағанның сауабын алады, - деген екен. Алла тағалы қасиетті құран-кәрімде айтады» - 02:08, 02:15 – «Қадір түні не екенін білесің ба? Қадір түні мың айдан да жақсырақ деген екен.» 

 Қадір түні Орталық мешіт қана емес, шаһардағы басқа да құлшылық орындары лық толды. Келушілер таңға дейін кірпік қақпай, жаратқанға мадақ айтты.