Әскерге бару әр жігітке тиімді. Борышын өтеушінің несиелері 14 айға тоқтатылады. Тәртіпті қызметімен көзге түссе, жоғары оқу орнына тегін грант алуға мүмкіндік бар. Ал жауынгер болудан жалтарғандарға айыппұл салынады. Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурыздан бері қызу жүріп жатыр.

Наурыз айынан бастап 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар тұрғылықты жері бойынша әскери комисариятқа шақыртылып жатыр. Бозбалалар медициналық комиссиядан, психологиялық тесттен және жеке әңгімелесуден өтуде. Осы жылдың көктемінде Шымкенттен 1000-нан астам бозбаланы шақыру жоспарланған. Әскерге баратындар 5 түрлі құрылымға бөлінеді.

 ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ

 Бірінші кезекте шекара қызметі ертең салтанатты шара өткіземіз одан кейін қарулы күштер. Күзет қызметі төтенше жағдай 30 маусым күні мемлекет басшысының жарлығы көктемгі шақырылымды бітеді.

 Шақырылым кезінде жігіттерді жігерлендіруге қорғаныс істерінің ардагерлері де атсалысуда. Өздерінің өмір жолынан естеліктер айтып, жастарды ынталандырып жүр. Ал әскер қатарында болған сарбаздар борышын өтегеннен кейін тегін оқуға мүмкіндік алады.

 СЕРІКБАЙ ОНБАЕВ, «ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Әрбір 12 ай мерзімді қызметке барған біздің сарбаздарымыз өздерінің таңдаған мамандығына жоғары оқу орнына түсуге сертификаттар алады. Бұл өте керемет оларға көп жеңілдік.

 Былтыр Шымкенттен Қарулы күштер қатарына 2000-нан азамат қосылған. Жоспар жүз пайыздан аса орындалған. Осы тұста ескеретін жайт бар. Әскерден жалтарғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, дәлелсіз себептермен келмегені үшін айыппұлдар, ал медициналық куәландырудан жалған құжат алғандарға заң қатаң.