Төлеби ауданында Президент бастамалары тиімді жүзеге асып жатыр. Өнеркәсіпті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру. Салық түсімдерін ұлғайту мақсатында индустриалды аймақ құрылмақшы. Бұл жаңалықты Төлебиде өткен наурыз тойында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов мақтанышпен жетікізді. Ленгір қаласындағы орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күніне арналған атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қыстан есен-сау шыққан жұрт мәре-сәре күй кешті.

 Іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі - Әз Наурызбен жиналғандарды аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтады. Ізгі тілегін жеткізді.

 ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ, АУДАН ӘКІМІ

Ауданымызда Президент бастамалары, облыс әкімінің тапсырмалары, мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Инвестициялық әлеуетін арттыру, өнеркәсіпті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында Бадам су қоймасының жанында индустриялық аймақ құрылуда. Киелітас ауылы аумағынан өндірістік парк құру жоспарлануда.

Наурыз мейрамы байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін. Еліміздің ырысы артып, ырзығы молая берсін, деп тілек тілеген жұрт бұл күні ата-дәстүр, салт сананы жаңғыртты. Әжелер киіз басып, табаға нан жапты.

 Мерекелік жиын «Қош келдің, әз - Наурыз» атты композициялық қойылымымен басталып, «Наурыз - думан» әнімен жалғасын тапты. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Леңгір қаласындағы №8 техникалық колледжі де атсалысты.

 Бұл білім ордасы талай жылдан бері аймақтағы жұмысшы мамандығын даярлап келе жатыр. Бүгін жиылған жұрт колледждің тұрмыс-тіршілігінен ақпар беретін көрмені тамашалап, көз сүйіндірді.

 Киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт дәстүрді дәріптейтін тұсау кесер, киіз басу секілді аналардың қатысуымен арнайы қойылым көрсетілді. Сондай -ақ, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы қаланың кішкентай тұрғындарының тұсауын кесіп, спорт сайысы жеңімпаздарын марапаттады.