Шымкентте есірткімен 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді.
Жас жігіт есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ДАНИЯР МЕЙІРХАН, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруда. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті.//