Мәжілісте тағы бір маңызды мәселе көтерілді. Шекара маңында орналасқан 65 ауданның қырықында халық саны азайып кеткен. Әсіресе, бұл ауа-райы қатаң Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында анық байқалады. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров осы мәселе бойынша үкіметке депутаттық сауал жолдады. Өйткені, шекарадан 50 шақырым аралықтағы елдімекендер мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан депутат шекаралық аумақтарды дамыту үшін арнайы заң керек деді.

ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Шекаралық елді мекендерге берілуі тиіс жеңілдіктер әлі де іс жүзіне аспады. Бұл шекаралық аудандарға қатысты көзделген мемлекеттік қолдау тетіктерінің түрлі нормативтік актілерде шашырап кетуіне, оларды үйлестіретін жауапты уәкілетті органның бекітілмеуіне,байланысты болып отыр. Сондықтан«Қазақстан Республикасының шекаралық аумақтарын дамыту туралы» арнайы заң қабылдау өте маңызды.