Әдептілік–мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Атқарушы орган жүйесінің қалыптасуында мамандардың кәсібилігімен қатар, әдептілігі өте маңызды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық және әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Олардың жұмысы, іс–әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халық назарында.

Шымкентте мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары қалыптасқан. Қоғамның айнасы саналатын атқарушы орган жұмысшылары өз іс-әрекетімен басқаларға үлгі болып келеді. Қазіргі таңда әкім аппаратының айналасында 970 мемлекеттік қызметші бар. Олардың іскерлік дағдысымен әкімдіктің әдеп жөніндегі уәкілі айналысады. Ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасымен жұмысшының тәртібі мен өзін өзі ұстауын, кәсіби біліктілігін, халықпен қарым қатынасын және халықтың тұтас мемлекетке деген көқарасының қалыптасуын қадағалайды.

МҰРАТЖАН АКИШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ

 Агенттіктің төрағасының жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес біз міндетті түрде ол қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта бағалап отырамыз. Қадағалап отырамыз, монитоиг жүргіземіз. Бізде көбінесе мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасын бұзу бойынша міндетті түрде түсіндірмелік жұмыстар жүргізіледі. Одан кейін жаңадан келген, алғашқы қабылданған немесе арасы үзіліп қайта мемлекеттік қызметке келеді жұмысқа солармен арнайы семинар ұйымдастырамыз.