Елімізде сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың саны артты. Түркістан облысында бұл дертпен 5 мыңнан аса қыз-келіншек тіркеуде тұр. Бүгінде обыр жас таңдамайды. Оның бірден-бір себебі тұқым қуалаушылық пен экологияның әсері. Ал мамандар бұл кесел психологияның әлсіздігінен де болады дейді. Толығырақ әріптесім Әсел Ерболқызы зерттеп көрді.
73 жастағы Күланда Болышеваның сүт безі қатерлі ісігімен күресіп келе жатқанына бірнеше жыл болған. Алғашында дертке шалдыққанымды білмедім, себебі ауыртып, жаныма батпады дейді. Уақыт өте келе басқа органдарға тарап кететінін естіген соң, қазір арнайы терапиядан өтіп жатыр.
КҮЛӘНДА БОЛЫШЕВА, НАУҚАС
--- Узиға түсіріп, тексеріп жаңағы, сол жақ көкірегіңізде без бар деп тапты. Біраз келмей де жүрдім. дәрігерлер өздері звондады маған. Сіз келмесеңіз болмайды апа. Ол сіздің басқа органдарыңызға тарап кетеді. Ол деген қан арқылы тарайтын нәрсе. Қазір қиналмаяқ қояйын деп едім жасым 73-ке келіп қалды. Қайта сіз тексерілмесеңіз қиналасыз ғой сіз түсініңіз бізді дегеннен кейін дәрігерлердің айтқанын тыңдап осы жерде ем алып жатырмын.
Елімізде жалпы қатерлі ісік түрлерімен 235 мыңға жуық адам ауырады. Түркістан облысында 10696 науқас диспансерлік тіркеуде тұр. Қара тізімді сүт безі ісігі бастап тұр. Өңірде 5600-ден аса әйел адам және 2 ер адам дертке шалдыққаны анықталды. Бұл өсім былтырғыға қарағанда 14 пайызға артқан.
БАУЫРЖАН БЕРТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
--- Сүт безі қатерлі ісігі өте көп себептері бар пайда болуының. Оның ішінде қазіргі белгілі себептерінің бірі тұқым қуалаушылық факторлар. Екінші науқастарда қазір экологиялық жағдайларға байланысты созылмалы дерттеріне байланысты және де жыныстық өзгерістерге, горманальді өзгерістерге байланысты. Бір күнде 6 науқаста қатерлі ісік диагнозы қойылатын болса, оның 1 науқасы күнделікті 1 науқастан қайтыс болып отырады.
Қатерлі ісік дауасыз дерт емес. Егер әу баста ағзада анықталса, емдеуге мүмкіндік бар дейді дәрігерлер. Алайда, қыз-келіншектер денсаулығына немқұрайды қарайды. Психологтардың айтуынша, аурудың пайда болып, асқынуына жүйке-жүйе әлсіздігі де әсер етеді. Адам өз-өзін іштей жей бастаған кезде кесел пайда болуы мүмкін.
ЖАНАТ ТӨЛТАЙҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ
Әйел затындағы сүт безінің ісік ауруына шалдығуына байланысты бұл қандай да бір сезімдерді өзі анықтай алмайды. Әйел адам сол нәрсе көңіліне тиіп жатқанын ешкімге бөліспегеннен өзімен-өзі жабылып қалып кеткен кезде, ода сондай денесінде ауру орын ала бастайды.
ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Қандай онкологиялық аурулар жиі кездеседі? Бірінші сүт безі обыры, екінші көкірек, үшінші өкпе рагы. Мамандар олардың басым бөлігі тексерістен өтпеген, аурудың алғашқы белгілеріне мән бермеген науқастар деп отыр. Кеуде обыры белгі бермейді. Оны өткізіп алу қаупі жоғары. Сондықтан ақ халаттылар жиі тексерістен өтіп тұруға кеңес береді.