Шымкентте «Smart City» эталондық стандарттары мен жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, бірнеше пилоттық жоба іске асырылды. Бұл әсіресе білім саласында өз септігін тигізіп отыр. Мәселен «Alaqan» жобасы арқылы оқушылар мектепке кіру немесе асханадан тамақ алу үшін арнайы құрылғыға алақанын қойып, биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Балалардың мектепке келіп кеткені жайлы ақпарат ата-аналарға бірден жеткізіледі.


 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізге үлкен міндет жүктеп, Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық державаға айналдыруды мақсат етіп қойды. Білім саласын цифрландыру мақсатында «Protector AI»«Айқын» «Alaqan» жобасы жүзеге асырылған. Бүгінде жоба тиімділігін көрсетіп отыр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

қалада ыстық тамақ беретін мемлекеттік мектептердің барлығына 151-не бірдей алақан жүйесі қойылып, биометриалық айқындау құрылғылары орнатылып 1 қыркүйектен бастап балалардың тамақ ішкен ішпегендігі алақан жүйесі арқылы анықталып отыр.


 Ал «айқын» жобасы аясында мектептерде бейнебақылау, турникет, өрт дабылы және Face ID интеграциясы жүзеге аырылады. Биыл 147 мектепке 10 мыңға жуық камера орнату жоспарланған. Сонымен бірге 136 мектепте ішкі құрылымдық жүйе ретке келтіріледі.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Бұрын 25 әдіскеріміз бар жоғы 1350 сабақты зерделеп әдістемелік көмек көрсетіп келген болса, бұл жүйе жүзеге асырылғанан бастап бір оқу жылында 25 500 сабақтың зерделенетінін соншама мұғалімге әдістемелік көмек көрсетілетінін айтқан болатынбыз.


Шымкент қаласында 330 балабақша тіркелген. Барлығы цифрлық жүйе арқылы бала қабылдайды. Оның 625-і жан басына қаржыландырылады. Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жүйесі жұмыс істеп тұр.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

15 мың балаға ваучер беріп келсек, 2024 жылдың 24-ші қазанан бері 65 мыңға жуық балаға ваучер беріп үлгердік. Мұның өзі жүйенің тиімді екенін көрсетеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Үкіметке барлық экономиканың салаларын модернизациялау үшін жасанды интеллектті кең көлемде енгізу міндетін қойғанын атап өтті. Бұл салаларға денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, бизнес, су ресурстарын басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік-транзит саласы, ауыл шаруашылығы және геологиялық барлау кіреді.