Елімізде соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе артқан. Бұдан бөлек, біліктілік санатына қарай қосымша төлем алатын мұғалімдер бар.


Алайда біліктілігіне сай жалақы ала алмай жүрген ұстаздар да жетерлік. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әрі ресми өкіл Сәрсен Құранбек масс-медиа өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл салада цифрландыру электронды бухгалтериямен, аппараттық-бағдарламалық кешенмен және «Күнделік» порталымен байланыстырылады. Жоба мұғалімнің қанша сағат балмен жұмыс істегенін айқындап көрсетеді.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

«Темір» деп аталатын кадрлық жүйені пайдалану үстіндеміз. Осыны жүзеге асыру барысында ҚР-ның №1193 қаулысы бар. Тіпті кей қызметкерлердің өз категориясына сай келмейтін жалақыны — не артығымен, не кем алып отырғанын анықтадық. Бұл жоба болашақта өз нәтижесін береді деп есептейміз.