Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Күншығыс, Сәуле шағын аудандары, Тәшенов көшесі, Республика даңғылы және “Тәуелсіздік” саябағы бойындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халық жайлы ортаны қалыптастыру, қауіпсіздікті қамтуға қатысты мәселелермен бөлісті.
Бейнебақылау камераларын орнату, тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде көппәтерлі үйлерді жөндеу, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың жұмысын ұйымдастыру, аулаларды абаттандыру және жасыл желектерді суаруға қатысты сұрақтарына жауап алды. Кездесу барысында қала әкімі жол сапасын жақсарту, қоғамдық көліктердің жүктемесін азайту, Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларға тоқталды. Сонымен қатар, суару желілерінің, жерасты өткелдерінің қазіргі жағдайы, қоғамдық көлік қозғалысының кестесі және тұрғын үй мүлкін басқару нысандарының жұмыстары талқыланды. Мегаполис басшысы әріптестерімен бірге азаматтардың барлық өтініштерін қарастырып, шешу тетіктерін түсіндірді. Қосымша ресурсты қажет ететін мәселелер кезең-кезеңімен заң шеңберінде қаралатын болады. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкіміне қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды күшейту және тұрғындармен ашық, тығыз байланыс орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.