Шымкент қаласында тағы бір заманауи тік субұрқақ пайдалануға берілді. «Спутник» гүлзарында орналасқан нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мердігер ұйым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.


Аталған субұрқақ 2023 жылдың соңында тұрғындардың өтініші негізінде басталған қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстарының жалғасы болып табылады. Бүгінде гүлзар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып, әсіресе балаларымен келген отбасылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтерген жаңа нысан қала көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың серуендеуіне және демалуына қолайлы атмосфера сыйлайды. Жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан инженерлерге, жобалаушылар мен жұмысшыларға алғыс білдірілді. Айта кетейік, Шымкент қаласында 40 субұрқақ салу бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда 16 нысан пайдалануға берілді, ал тағы екі субұрқақ жақын күндері іске қосылмақ.