Негізгі Жаңалықтар ВИЦЕ-МИНИСТР ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ВИЦЕ-МИНИСТР ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков қызметтік іссапармен Түркістан облысына барды. Жұмыс барысын өңірдегі Ұлттық ұланның ғимаратын аралаудан бастады.


5574 әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс барысын қадағалады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесіп, облыстағы криминогендік жағдайдың тұрақтылығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Одан соң облыстық полиция департаментіне барып, вице-министр қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Арнайы гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Аңсаған Балтабеков жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімнің қызметін де бақылап, оған оң баға берді.


Бөлісу