Елімізде ана мен бала күтіміне байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді есептеу ережесі өзгерді. Енді кейбір санаттағы әйелдердің декреттік қаржысы қысқарғалы тұр. Жаңа бекітілген қаулы талаптарымен сарапшылар келіспейді? Неге? Шынар Әуелбайдың материалынан көрейік.
“Декретке миллионмен”. Бұл сөз енді Қазақстандық жүкті әйелдердің арманына айналатын сынды. Себебі, бала күтімі демалысына берілетін төлемге лимит қойылды. Яғни, жәрдемақы мөлшері қысқарып, 595 мың теңге көлеміндегі табыстан артық есептелмейді. Енді болашақ аналар ол сомадан еселеп тапса да, қомақты декреттік төлем алуы екіталай.
Жаңа қаулы бойынша, ең басты өзгеріс – шектеудің қойылуы болып тұр. Төменгі жалақыңыздың 7 еселенген мөлшері есептеледі. Ол жоғарыда айтып өткеніміздей 595 мыңға тең. Енді әлеуметтік төлемнің максималды мөлшері – 2 249 100 теңгені құрайды. Демек, бала күтіміне шығамын дейтіндер бұл сомадан артық ала алмайды.
ДӘУРЕН БАЙЫРБЕКОВ, ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАСЫ МАМАНЫ
--- Әлеуметтік төлемдер әлеуметтік қатер туындағаннан кейінгі әлеуметтік аударымдарын есептеген кезде орташа айлық табысқа кеш төленген әлеуметтік төлемдер есепке алынбайды. Тек ғана соңғы айда аударылған әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды. Тек ғана соңғы аударылған әлеуметтік аударымдар есепке алынады. Мерзімі бар.
Қоғамдағы әйелдер пікірі қақ жарылды. Аталған қаулы бұрын бірнеше жерде жұмыс істеп, 5 миллионға дейін төлем алатын аналардың шымбайына тисе, енді бірі бұл заңды құптайды.
--- Бәрі үйде отырады, барлығы қымбат, сол жұмсалған ақша балаларға жұмсалады ғой
--- Дұрыс емес деп ойлаймын
---Баланы өзіміз үшін туамыз. Мемлекетке үтіп артып керек емес.
Нұрғайша Балтабайқызы – 6 жылдан бері оқу орталығын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған ана. Бұған дейін адал еңбегінің арқасында заңды әлеуметтік төлемдерін алып келген. Алайда, қанша табыс тапса да, миллиондап жәрдемақы алып көрмеппін, - деп отыр.
НҰРҒАЙША БАЛТАБАЙҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР
--- Миға да сыймайды. Ал, енді тіркеліп, жасайтындар болса, өздері құйғанна кейін күйіп қалып жатыр. Құйған ақшасын шығарғысы келеді. Бірақ, оған мемлекет рұқсат бермей қойды. Сол үшін де осындай ұрыс-жанжал боп жатқан шығар. Ал, егер егер де шын мәнінде 5 жерде кәсіпкер болсаң, табыс көзің өте жақсы болса, оған қатты ұмтылады деп те ойламаймын.
Ал, әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, мынадай парақшалар желдей есіп тұр. Астына жазылған пікірлерде шектеу жоқ. Заңды айналып өтіп, декретке миллионмен шығуды үйрететін пысықайлар қатары көбейген. Олардың әрекетіне енді тосқауыл қойыла ма десек, емін-еркін онлайн кеңес беріп, жүктіліктің басынан аяғына дейін сүйемелдейтін болып шықты. Солардың біріне біз де хабарласып көрдік.
--- Сабақты сатып алайын деп едім, бағасы қанша тұрады?
--- 3990 теңге онлайн.
--- Жұмыс істемеймін.ИП Ашуға бола ма?
---- Ашуға болады онда. Проблема жоқ. 131 мың теңге примерно налог төлеп отырасыз.
--- Миллион 100 мың 24 теңге аласыз декретный. Бала пособиесі 60 мыңға шығады
Заңгер Сәкен Айсин жаңа ережеде құқықтық қайшылықтардың бар екенін айтады. Сарапшы мұны еңбек және салық тұрғысынан талдап, бюджетке әлдеқайда азырақ пайда түсетінін алға тартты. Енді мұндай шектеулер заңсыздыққа жол бермеудің орнына, болашақ аналарды бейресми жұмыс іздеуге итермелейді,-дейді.
СӘКЕН АЙСИН, ЗАҢГЕР
Қазақстаның еңбек және халық заңнамасында адамның жұмыс Орындары мен табыс көзіне қарай шектеу қойылмаған. Демек, тиісті министрліктің азаматтың барлық заңды табвс көздерін есепке алмай, жүктілігі мен босануға байланысты төлемдерді шектеуі еш қисынсыз. Енді кері нәтиже күтуге болады.
Қысқасы, ресми түрде кәсібін дөңгелетіп отырғандарға қорқудың қажеті жоқ. Ал бейресми табыс тауып отырғандар үшін заң қатаң.