Шымкенттік тұрғындар биылғы қыстан тоңбай аман шықты. Себебі қаладағы көпқабатты үйлердің жылу жүйесі қалыпқа келтірілген. Жаңа қазандық орнатылып, ескі құбырлар ауыстырылған. Мәселен, 2023-2024 жылғы жылыту маусымында Шымкент сити, Тұран-1 шағынаудан тұрғындарынан әкімдікке жиі арыз-шағым түсетін. Бүгінде мәселе оңынан шешіліп, халық алғысын айтып жатыр.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
--- Осыдан бір жыл бұрын Шымкент сити шағынауданындағы көпқабатты үй тұрғындары қала билігіне үйімізде қысқы маусымда жаурап тырмыз деп шағымданған болатын. Мәселені қарай келе қала басшылығы зерттеп зерделеу нәтижесінде Шымкент сити шағынауданындағы 37 көпқабатты тұрғын үй мен бір мектепке берілетін жылыту қазандығындағы жылу жүйесінің күш-қуатының жеткіліксіз екені анықталған. Соның нәтижесінде бұл жерге тағы бір қазандық керек деп шешім қабылдап, құрылысын жүргізіп, 2024-2025 жылдағы қысқы маусымда екінші жылыту қазандығы қосылып тұрғындарға жылу қалыпты жағдайда берілді.
Шымкент сити шағынауданында әр-бір тұрғын үй кешенінің өз жылыту қазандығы бар. Мұнда жылу жүйесі жолға қойылған. Бастапқыда 9-12-16 қабатты үйде тұратындар қыс ауасында жылу қысымының мардымсыз екенін жиі айтатын еді. Бүгінде Қуатыжылуорталығы мәселені шешіп, қосымша қазандық орнатқан. Нәтижесінде биылғы маусымды тұрғындардан жылы пәтерде өткізген.
АЙГҮЛ СЫЗДЫҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Бізде биылға дейін жылу маусымы өте нашар болатын. Біз өзіміз котельныйға келіп талай мәрте тексеріп те кетіп жаттық. Қаратау ауданына қараған кезде әкімнің өзі де келіп жертөлеге түскен күндер де болған. Тұрғындар да шағымданған. Биыл жақсы, өте жақсы. Тұрғындар да риза, бізде ризамыз.
Қазіргі таңда екі жылу қазандығы 41 көпқабатты тұрғын үй мен 1 мектепті жылумен қамтамасыз етіп отыр.
АЙДОС АШИРОВ, «ШЫМСИТИ" ҚАЗАНДЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
--- Біздің қазандықтың қуаттылығы жетпей үйдің астындағы жабық жүйелері дұрыс орнатылмағандықтан оны да толық қалыпқа келтірдік өзіміздің тарапымыздан. Сондықтан биылға үлкен нәтижесін берді. Қазіргі кезде қыс ауа райында екі қазандығымыз істеді. Бұрынғы ескі қазандықтағы ішіндегі ол жерде екеуі істеді, бір-бір қазандықтан бізде резервте болды. Жылу өте сапалы болды.
Ал 2023 жылғы желтоқсанның 5 күнін Тұран-1 шағынаудан тұрғындары әлі ұмытпаған. Халықтың екі күн суық пәтерде отыруына жерасты құбырларының тозуы себеп болған. Дабыл қағыла салысымен Қуатжылу орталық мамандары жылу 8 шақырымдай жылу жүйесін жер үстіне ауыстырып, мәселені оңтайландырып берген еді..
ГҮЛАЙША БАҚТЫҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
--- Бізде оның алдында трубаларымыз жарылып, жылу болмаған. Енді бізде 2024-те жаздан бастап трубаларымызды сырттан жүргізіп берді. Үйлеріміз жылы нормально отырдық ыстық.
АСҚАР БУЛЕШОВ, «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
--- Мәделі қажо, Қожанов көшесінде ізде РК деген қазандық бар. Ол жерге де жағадан қазандық қойлыд. Қаланың оңтүстік бөлігіндегі ең соңғы кончный точкалар дейміз ғой. Сол үйлерді қмтамасыз еттік. Олардан да рахмет түсіп жатыр. 2024 -2025 жылы жылу маусымына дайындық барысында 29,5 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Мысалыға мынау Нұрсат аллеяда проблема өте көп еді. Салдарынан көп ақау орын алмады, 6-7 ақау орын алды. Оны дер кезінде реттеп жылуды қосып жатқан жағдайымыз болды.
Қуатжылуорталығы биыл 33 шақырым жылу құбырын ауыстыруды жоспарлапты. Айта кетейік қазіргі таңда мекемеге шаһардың солтүстік бөлігін жылмен қамту үшін қосымша жылыту қазандығын ың құрылысын жүргізіп жатыр.