«Ерлік ешқашан ұмытылмайды». Осындай атаумен Шымкентте жеңістің 80 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Іс-шара Отан үшін от кешкен барлық азаматтарға арналады. Мақсаты – өскелең ұрпаққа бейбіт күннің қадірін ұғындыру дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шарада соғыс кезіндегі қару-жарақтар, киімдер, ардагерлердің жеке заттары мен фотоқұжаттар, батырларымызға арналған кітаптар қойылған. Сондай-ақ көрмеге сала ардагерлері мен әскери бөлім қызметшілері қатысты. Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, күй тартылып, өлең оқылды.