Жол инфрақұрылымын цифрландыру мен қауіпсіздікті арттыру аясында көпірлерді жедел диагностикалау технологиясы енгізілмек. Бұл технология жол бойындағы көлік қозғалысына шектеу қойылмай-ақ, ауыр арнайы техникасыз көпірдегі жасырын ақауды бірнеше минут ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
Диагностикалық кешен жоғары сезімтал сенсорлармен, оның ішінде көпір құрылымындағы дірілді тіркейтін акселерометрлермен жабдықталған. Сонымен қатар құрылғы деформацияны тіркейтін тензодатчиктермен қамтылған. Жаңа технологияның басты артықшылығы диагностиканы жедел әрі нақты жасауға болатындығында. Осы кезге дейін көпірлерді тексеру белгілі бір уақытты, техника мен арнайы мамандарды талап етті. Қазір барлық деректі тек бір ғана құрылғына қолдана отырып алуға болады. Бұл жүйе қандай да бір зақым болса инженерлік шешімді тез қабылдауға мүмкіндік бермек.