Енді қарасораны өндірістік мақсатта пайдалануға рұқсат берілмек. Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарында қарасораны өсіретін алқаптар да қарастырылып отыр. Ал, бұл өсімдік түрінен қандай өнім өндіру көзделген? Бүгін мәжіліс депутаттары мақұладаған заңда тағы қандай өзгерістер бар? Парламенттен Самал Қабышеваның бейнематериалы.
САМАЛ ҚАБЫШЕВА – ТІЛШІ
Тәуелсіздік жылдары қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және жарына ай сайын өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл төлем балаларына 23 жасқа толғанға дейін беріледі.Ал, жарына өмір бойы төлеу қарастырылған. Бірақ, осы жарына қатысты төлемде арнайы талап бар.
АМАНТАЙ ЖАРҚЫНБЕК – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Тұрмысқа шығып, екінші шаңырақ құрған жағдайда ол өтемақыны ала алмайды. Қаза тапқан адамның сол сәттегі айлық жалақысы бар ғой, соның 40 пайызы отбасынгың бір мүшесіне беріледі. Мысалы, әйеліне 40 пайызы берілсе, баласы болса, баласына 40 пайызы. Екі,үш одан көп балалары болса, барлық 100 пайызды сол семьяға теңдей бөліп береді.
ҚАРАСОРАНЫҢ РЕЕСТРІ ЖАСАЛУЫ ТИІС
Сондай-ақ, заңға енгізіліп жатқан тағы бір өзгеріс қарасораға қатысты болды. Бұл тұрғыда депутаттар алаңдаушылық білдіріп, Ішкі істер министрлігінің орынбасарына өз сауалдарын қойды.
Ерлан Саиров ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
--- Қоғамға өте қауіпті шөп болғандықтан, бұл шөптің белгілі бір реестреі болуы керек. Есікртікіге байланысты тәуекел кеңістігіне жататын азаматтарға тартымды елдерге айналып кетпейді ме?
САНЖАР ӘДІЛОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
--- Өнеркәсіпте пайдаланатын қарасораға келетін болсақ, конопля дейміз. Оның затты құрамы 0,01-0,03 ғана пайызы бар. Ал, марихуана деген қылмыстық жауапкершілік турыдаратын қарасораға келетін болсақ, бұл әрине Шу өңірінде өсетін, жабайы түрде өсетін 15 пайыздан құрамы бар.
Мәселе, осы құрамында болып тұр. Яғни, өндірістік мақсатта өсірілетін қарасораның құрамында есірткі мөлшері тым аз болады дейді мамандар. Ал, қарасораны өсірудегі мақсат - сапалы жіп, мата өнімдерін өндіру. Кәсіпорындарға қойлатын талап қатаң болады.
САМАЛ ҚАБЫШЕВА – ТІЛШІ
--- Ішкі істер саласының, яғни полиция қызметіне қатысты мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлады. Екеінші оқылымға жіберді. Артынша сенатқа жолданады. Ол жерде заң толықтай қоладу тапса, Президентке қол қоюға жіберіледі. Бұл заң жобасына 16 түзету мен өзгерту енгізіліп отыр. Мақсат, полиция қызметін бюрокртаиядан арылту.