Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесінде үздік деп танылды. 12 қазанда өткен EXPO Awards марапаттау рәсімінде еліміздің павильоны «Көрме тақырыбын ашу» номинациясы бойынша 90-нан астам елдің арасынан бірінші орынды иеленді.


Отандық экспозиция көрме мазмұнын байытқаны үшін жоғары бағаға ие болды. Павильонда Қазақстанның мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен инновациялық жетістіктері ұсынылды. Сондай-ақ цифрландыру, технология және тұрақты даму бағыттары да ерекше қызығушылық тудырды. Айта кетейік, EXPO 2025 Osaka көрмесі 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтті. Шараға 160 мемлекет пен 9 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені 28 миллионнан астам адам тамашалаған.