«Шымқала кештері» көңілді. Мәдени іс-шара аясында Шымкент қалалық «Жастар» театры Жаңаталап тұрғын алабында концерттік бағдарлама сахналады. Ән айтып, би биледі. Көрініс қойып, поэзия оқыды. Бүлдіршіндерге көңіл-күй сыйлап, ойын ұйымдастырды.


Концертке жасөспірімдер мен ата-әжелер келген. Театр ұжымы оларға арнап жүрекжарды өлең жолдарын оқыды. Ана жайында ән айтып, көрерменнің көңілін толқытты.


АЙЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Халықтың көңілін көтеріп, балалар үшін еске қаларлық ойындар ұйымдастырып жатыр.» 


 БИБІГҮЛ ИБАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

– «Соншалықты қызықты болғаны балалардың көңіл-күйі көтеріңкі» «Керемет көңіл-күймен қайтқалы жатырмыз, концерт тамаша өтті!»


Концерттік бағдарламаның екінші бөлімі балаларға арналды. Әртістер музыкалық сүйемелдеу арқылы жас өренге жаттығу жасатып, көңілді би биледі.


ДУЛАТ ІЗТІЛЕУОВ, «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ

– «Бүлдіршіндер, ата-апалар көптеп жиналды. Қошметті аямай көрсетіп жатыр. Демек, концерт көптің көңілінен шықты.» 


«Шымқала кештер» мәдени іс-шаралар тізбегі тек қала ішінде емес, шаһар іргесіндегі елді мекендерде ұйымдастырылып келеді. Түрлі мәдениет ұжымдары ат арытып, ауылдағы ағайынға көңіл-күй сыйлайды.