«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы ел көлемінде жандана түсті. Өткен апта соңында барлық өңір тұрғындары, түрлі ұйым өкілдері мен белсенділер сенбілікке шығып, аула-аймақты ретке келтірді. Кей жерлерде өзен-көл маңы қоқыстан тазартылса, өзге аймақтарда көшет отырғызылып, жасыл желек жаңартылды. Аулалар сыпырылып, арық-атыздар тазаланды. Жол жиегі мен саябақтар абаттандырылды.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жалпыұлттық жоба аясында тазалық жұмыстары жалғасын тапты. Сенбілік Түркістан көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер ауласында өтті. Оған 120 адам мен 7 техника жұмылдырылып, шамамен 9 тонна қоқыс шығарылды. Сынған орындықтар жөнделіп, кейбірі жаңасына ауыстырылды. Ағаштар қырқылып, арық-атыз қалдықтардан тазартылды.
МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Бұл сенбілік 47-ші сенбілік болып есептеледі. Апта сайын сенбілік ұйымдастырамыз.»
ЕРМАХАН ҚОЗЫБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
–«Қала тұрғындары арасындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.. Экологиялық мәдениет арқылы қоршаған ортаны қалай күтіп-баптау қажетін үйренеміз.» «Көптеген адам жұмыс істеп жатыр. Еңбекті бағалаудың өзі мәдениет.»
Виктор Белогориев – эко-белсенді. Ол апта сайын көршілерін жинап, аумақты тазарту сенбілігін ұйымдастырады. Әкімдік оның еңбегін ескеріп, алғыс хат табыс етті.
ВИКТОР БЕЛОГОРИЕВ, ЭКО-БЕЛСЕНДІ
Өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау, оған жанашырлық таныту – бәріміздің ортақ міндетіміз. Осы жауапкершілікті әр тұрғын сезінсе екен деймін.
Сенбілік барысында тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдері аула-аймақты тазартты. Күл-қоқыс жүк көліктеріне тиеліп, қалдықтар арнайы полигонға жөнелтілді.