Шымкентте 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен жарыс өтті. Спорттық іс-шараны Түрік этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. Жарысқа қаладағы мектептерден 80-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынады.


Жасөспірімдер арасындағы еркін күрес сайысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өтті. Бозарық шағынауданында өткен жарысқа қаладағы түрлі этнос өкілдерінің балалары қатысты. Іс-шараның мақсаты – қазақстандықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту.


ЛАТИФША АСАНОВ — ҚАЛАЛЫҚ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі күресте әркім өз күшін көрсетеді. Барлығы марапатталады. Іс-шара кешке дейін жалғасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы төраға орынбасары Нұркен мырза, мәдени орталықтардың жетекшілері келіп отыр. Бірқатар мектептің ұстаздары қатысуда. Мықтылар жеңіп шықсын, барлығына сәттілік тілеймін.