Түркістанда аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы бақыты – таулықта» атты іс-шара өтті. Жиынға облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Онда отбасы құндылықтарын нығайту, ізгі қоғам құру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында «Татулық тамыры – отбасында» атты баяндамалар оқылып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, шешім жолдарын қарастырды.
Шараға студенттер де қатысып, аға буын айтқан ақыл-кеңеске құлақ түрді. Олар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлімжеттікті болдырмау тақырыбында оқылған баяндамаларды ұйып тыңдап, пікір білдірді.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, қатысушылар көкейтесті сауалдарға жауап іздеді. Аға буын қойылған сұрақтарға жеке-дара тоқталып, толыққанды жауап берді.