Қала әкімі Орталық Азия мен Кавказ өңірі бойынша Coca-Cola İçecek (ичежек) аймақтық директоры Эрдинч Гюзельмен кездесті. Басқосуда өндірістік қызметті кеңейту және кәсіпорынның инженерлік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.


Компания қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға айтарлықтай үлес қосып, тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ әлеуметтік бастамаларды қолдап отыр. Осы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Эрдинч Гюзель II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Қала басшысы Эрдинч Гюзельге экономикаға қосқан үлесі, жаңа жұмыс орындарын ашудағы еңбегі және серіктестік қатынастарды нығайтудағы белсенділігі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар шаһар басшысы қалада қолайлы бизнес ортасын қалыптастыру мен инвестиция тартуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Өнеркәсіптің дамуына және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететін бірлескен бастамалардың маңызын ерекше атап өтті.