Студенттер қаржылық сауаттылық бойынша FinIQ тест-диктантын тапсырды. Республикалық шара Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен, «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамалары аясында өтуде. Мақсат – азаматтардың қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.
Ел бойынша өтіп жатқан ауқымды диктантқа Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың 100-ден астам оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлері және 150-ге жуық студент қатысты. Тест онлайн форматта өтті. Қатысушылар 20 сұрақтан тұратын емтиханды смартфон, планшет немесе компьютер арқылы орындады.
НҰРГЕРІМ МАҚСҰТҰЛЫ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМПУ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда жастардың қаржылық сауаттылығының төмендігінен алаяқтар мен киберботтардың құрбанына айналып жатады. Бұл шара тек жастар үшін ғана емес, егде жастағы адамдар үшін де маңызды.
Оқу орнында 8 мыңға жуық студент пен 500-ден астам оқытушы-профессор бар. Университет басшылығы ұжым мен студенттерді толық қамту арқылы қаржылық сауаттылықты арттыруды көздейді. Ұқсас шара өткен оқу жылында да өткен.
БАРШАГҮЛ ИСАБЕК, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМПУ ПРОРЕКТОРЫ
Біз студенттеріміз бен ұжым мүшелерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға күш салып жатырмыз. Бұл мәселе Президенттің де тікелей бақылауында. Қазір көп адам алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Сондықтан бұл жұмыстың нәтижелі боларына сенеміз.
Тест-диктантта кемінде 16 және одан көп дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы диплом табысталады. Ал республика бойынша үздік 10 қатысушы сыйлықтармен марапатталады. Ауқымды жоба 10–20 қазан аралығында өтеді.