Шымкентке Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен келді. Достық үйін аралап, жаңғыртудан өткен этномұражаймен танысты. Жастармен кездесу өткізіп, диалог құрды. Көкейтесті сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерге құлақ түрді.


Кездесу барысында жергілікті этномәди бірлестік жастары атқарылған жұмыстардың ретін баяндады. Пікір алмасып, қаладағы ынтымақ-бірлік жайын сөз етті. Өз кезегінде Марат Әзілханов қойылған сауалдарға жауап беріп, жастардың белсенділігіне ризашылық білдірді.


 МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «Дәстүрімізді әрі қарай дәрітеу, соны кең көлемді халық арасында насихаттау, жастардың ортасын біріктіріп, ел мүддесіне қызмет ету әңгімелері сөз болды.»


Нұрхаят Байрамова – Ө.Жәнібеков университетіндегі студенттік ассаблея төрайымы. Ұйымның 13 түлі ұлт өкілінен құралған 66 мүшесі бар. Олар апта сайын бас қосып, ел бірлігін нығатуға күш салады. Бүгін ол төраға орынбасарына ұйым жұмысын таныстырды. Айтуынша, этнос өкілдері мемлекеттік тілді насихаттап, аясын кеңейтуге үлес қосып жүр.


 НҰРХАЯТ БАЙРАМОВА, СТУДЕНТ

 – «Осы бағытта универитетімізде қазақ тілін үйретуге арналған тегін курстарымыз бар. Ол осы ассамблеясында жұмыс істейді. Стдуденттерді осында шақырамыз.»  «Қазақ тілін білу мемлекетке деген құрметімізді білдіреді деп ойлаймын.» 


Төраға орынбасары кездесу соңында белсенді жастарды марапаттап, Ассамблея алғыс хатын табыстады.