Түркістан өңірі индустриялық-инновациялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ордабасы ауданының Ықыластемір елді мекенінде автоматтандырылған «Altyn BRICKS» кірпіш зауыты іске қосылды. Құны 4,7 млрд теңге болатын жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан.


Нысан небәрі 9 айда салынды. Қазір зауыт толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жылына 90 млн дана кірпіш өндіру жоспарланған. 120 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.


 Зауыттағы өндіріс процесі толық автоматтандырылған. Қытайдың заманауи пеш жүйесі орнатылған. Әр кірпіш инженерлік дәлдікпен жасалады.


3 гектар аумақта орналасқан зауыт ішкі нарықты сапалы өніммен қамтып, алдағы уақытта экспортқа шығуды көздейді. Бұл – өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды жоба.