Түркістанда «Құқықтық дәріхана» форматында қоғамдық қабылдау өтті. Прокуратура органдарының бастамасымен жүзеге асқан жобаның мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, заң аясында кеңес беру.
«Құқықтық дәріхана» – тұрғындар үшін қолжетімді кеңес алаңы. Мұнда кез келген адам заңнаманың өзекті тұстарын талқылай алады. Қабылдау барысында 10-нан астам тұрғын өз мәселесін ортаға салды. Басым көпшілігі тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер мен жұмыспен қамту бағыты бойынша сауал жолдады. Әрбіріне жеке түсініктеме беріліп, кеңес ұсынылды.
МҰХАММЕД АСҚАРОВ — ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Мақсатымыз – тұрғындарға заң тұрғысынан кеңес беріп, құқықтық сауаттылығын арттыру. Мұнда әр азамат өз сұрағына жауап алып, құқықтарын қалай қорғауға болатынын біле алады. Біз үшін ең маңыздысы – заң мен тәртіпті сақтау және халықпен тығыз байланыс орнату болып табылады.
«Құқықтық дәріхана» форматында өтетін қабылдау қараша айына дейін жалғасады. Келесі шара қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылмақ.