Жалпы халықтық сенбілікке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысты. Шаһар басшысы қолына кетпен-күрек ұстап, көшет екті. Абаттандыру жұмыстарын бақылап, өз үлесін қосты.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, биыл Шымкентте 500 мың текше метр аумақ суғару жүйесіне қосылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде жасыл аумақ жайқалып, көркейе түсуі үшін қосымша ағаш көшеттерін отырғызу ісі басталған. Ортақ іске қала тұрғынынан бастап шаһар билігіне дейін атсалысып жатыр.
ОҢҒАР ӘБІЛҚАЙЫР, ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Басты бағыттарды жаңа шағын-аудардарға бердік. Шымкент қаласына бейімделген шынар ағашын егіп жатырмыз. Тек ол ғана емес, біздің климатқа сай келетін қара ағаш, дуб ағаштары егіліп жатыр.