Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» жобасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Мақсат – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, өңірдің жасыл аймағын көркейту. Экологиялық акция аудан орталығы – Ленгір қаласы мен ауылдық округтер аумағында ұйымдастырылды.


Сенбілікке 2400-ге жуық тұрғын қатысып, 24 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 63 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Аудан әкімі ақсақалдармен бірге «Төлеби баба» саябағында ағаш көшеттерін отырғызып, акцияға белсенді атсалысты. Биыл аудан көлемінде жалпы 29 600 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Егілетін көшеттердің қатарында катальпа, туя, ясен, арша және қарағаш түрлері бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сенбілік тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті көтеруге бағытталған.