Биыл елімізде жастар практикасы аясында 22 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында 6 мың, ал Шымкент қаласында - 1,3 мың адам. 2025 жылы бағдарлама арқылы 33 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Жастар практикасына қатысу үшін жастар жергілікті мансап орталығына өтініш береді. Республика бойынша орташа еңбекақы мөлшері -118 мың теңге. Бағдарлама аясында жұмысқа орналасқандардың көбі -мектеп мұғалімі, тәрбиеші, медицина қызметкері, бағдарламашы, заңгер және фельдшер мамандықтарының иелері. Айта кетейік, биыл еліміз бойынша барлығы 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.