Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артты. Бұл туралы өңір әкімі аппаратының апталық мәжілісінде мәлім болды.
Биыл ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдауға 48,5 миллиард теңге бөлінген. 9 айдың қорытындысы бойынша оның 42 миллиарды шаруаларға бағытталып, агросаланы мемлекеттік қолдау өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында егіс алқаптарына 206 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көп.
ФАЙЗУЛЛА БАЙДУЛЛАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау» бағдарламасы арқылы 4,4 миллиард теңге қаржы қаралды. Бағдарлама нәтижесінде жылыжай шаруашылықтарының саны артып, өнім көлемі мен сапасы жақсарды. 2023 жылы 78 мың тонна өнім жиналса, биыл бұл көрсеткіш 101,5 мың тоннаға жетіп, 1,3 есеге артты.
Сегіз айда облыста 123 мың тонна ет, 367 мың тонна сүт және 177 миллион дана жұмыртқа өндірілді. 2024 жылдан бастап бағдарлама арқылы асыл тұқымды аналық мал сатып алуға басымдық берілуде. Соның нәтижесінде өңірде асыл тұқымды мал басы жылдан-жылға көбейіп келеді. Қайта өңдеуші кәсіпорындарға шығынды субсидиялау бағдарламасы да өңірдегі тамақ өнімдерінің көлемін арттыруға оң әсерін тигізіп отыр.