Елімізде жыл басынан бері 26 тонна есірткі тәркіленген. Оның бір тоннадан астамы- синтетикалық заттар. Жыл өткен сайын зиянды ұнтақтың түр-түрі көбейіп, таралу жолы да тыйылмай тұр. Улы өнімді саудалаушылар Telegram, WhatsApp сынды әлеуметтік желілердің мүмкіндігін белсенді пайдаланады.


Тапсырыс орындайтындардың жас шамасы небәрі 16-20 жас аралығында. Соңғы 9 айда 61 жасөспірім есірткі тасымалдау кезінде ұсталған. Оның 10-ы - мектеп оқушысы. Жедел органдардың нәтижелі іс-қимылының арқасында биыл 16 ұйымдасқан қылмыстық топ, 12 есірткі зертханасы және 93 фитозертхана жойылған.