Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына шыға алмады. Кеше Солтүстік Македонияның Скопье қаласында алаң қожайындарымен күш сынасқан ұлттық құрама жігіттері 1:1 есебімен тең түсті.


Ойынды жоғары қарқынмен бастаған отандық футболшылар алғашқы таймды жақсы өткізді. 10-ға жуық қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қарсыласты тұқыртып отырды. Есіл еңбек нәтижелі болып, екінші тайм басында Дінмұхаммед Қараман гол соқты. Алайда матчтың 74-минутында айып соққысын тиімді пайдаланған қарсыластар таблодағы есепті теңестірді. Осылайша қазақстандық аяқдопшылар