Қазақстанда қылмыстық істердің 58 пайызы көше камераларының көмегімен анықталған. Ішкі істер министрінің айтуынша, халық көп жиналатын орындарда дабыл түймелері мен стационарлық бекеттер жұмыс істейді.


Бейнебақылау жүйесі арқылы 523 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ Ержан Саденов үкімет сағатында елдегі қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 мыңға азайғанын айтты. Министрдің сөзінше, құқықбұзушылықтардың 30 пайызы мас күйінде жасалады.