Көлік полицейлері жыл басынан бері теміржолда қауіпсіздік ережесін сақтамаған 37 мыңнан астам азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.


 Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тұрғындардың басым бөлігі теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтеді. Мұндай әрекет адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы оқиғаларға себеп болып отыр. Тоғыз ай ішінде пойыздардың 1 441 рет шұғыл тежелуі тіркелген. Оның 274 жағдайы - азаматтардың қауіпсіздік ережелерін бұзуынан, ал 1 127 оқиға - үй жануарлары мен өзге де бөгеттердің салдарынан болған. Полиция теміржол бойында жарақат алу және жазатайым оқиғалар саны азаймай отырғанын атап өтті. Себебі белгіленбеген жерден өту, мас күйде жүру және қауіпті аймақтардағы салғырттық – негізгі қауіп факторлары болып отыр.