Түркістанда жаяу жүргіншілерге жол бермеген 60-қа жуық жүргізуші жауапқа тартылды. Полицейлер көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында арнайы рейд өткізді.


Рейд барысында ондаған автокөлік тоқтатылып, жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың басым бөлігі жаяу жүргіншілерге жол бермей, адам өміріне қауіп төндірген. Бейнекамера жазбаларына сәйкес, кейбірі өткел алдында жылдамдықты төмендетпей, адамдарды қағып кете жаздаған. Полиция өкілдері жүргізушілерге заң талаптарын түсіндіріп, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертті.