Шымкентте жедел жәрдем көлігі бетон араластырғыш жүк көлігімен соқтығысып, медицина қызметкері жарақат алды.
Жол апатының сәті әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбада жедел жәрдемнің қиылыстан бұрылмақ болған жүк көлігіне соғылғаны анық көрінеді. Соқтығысу салдарынан медициналық қызметкер зардап шекті. Полиция департаменті оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. Зардап шеккен қызметкерге дәрігерлік көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген.