Түркістанда волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІІІ чемпионаты өз мәресіне жетті. Жоғары лигаға 9 команда қатысып, кім мықтыны анықтады. Тақырыпты тілші толықтырады.


Волиболшылар апта бойы өзара бақ сынасып, жүзден жүйрікті анықтады. Плей-офф ойындарына төрт команда жолдама алып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл раундта Түркістан облысының «Тұран», Өскеменнің «Берел», Мегаполистің «Шымкент», Қызылорданың «Қайсар» командалары тартысқа толы ойын өткізді. Нәтижесінде ақтық сынға «Тұран» мен «Қайсар командалары жолдама алып, бас жүлдені сарапқа салды. Ойын қорытындысына сәйкес Түркістандық «Тұран» қарсыласты айқын басымдылықпен жеңіп, турнирдің үш дүркін чемпионы атанды.


 Қызылордалық «Қайсар» чемпионатты 2 орынмен аяқтап, үшінші орынды «Берел» мен «Шымкент» сарапқа салды. Нәтижесінде Өскемендік ұжымның асығы алшысынан түсіп, жарыстың қола жүлдесін еншіледі. Ал жарыста оза шауып, ерекше ойын үлгісімен көзге түскен «Тұрандық» Аберген Жүніспек «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды. Мықтының басшылыққа айтар үндеуі бар.


 Сайыс қорытындысына сәйкес жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубок медальдармен марапатталды.